Бүгін  — халықаралық отбасы күні. Атаулы күн 1993 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен бекітілген. Қоғамның назарын отбасына аудару қажеттігінен туындаған  Отбасы күні алғаш рет 1994 жылы аталып өтілген екен.

Қашықтықтан оқыту жағдайында Отбасы күні барлық білім беру ұйымдарында ерекше аталып өтті. «Отбасы–ұлттың тірегі»атты бейнероликтер, “Отбасымен өткізген қызықты сәттерім” тақырыбында  челлендждер,«Шаңырақта шырқалған ән» тақырыбында онлайн концерт т.б. қызықты іс-шаралар  ұйымдастырылды. Бұл мереке  жанұя мүшелерінің бір-біріне деген құрметін, сыйластығын, сүйіспеншілігін арттырға түскені анық.