Білім беру бөлімі мен Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған гимназиясының бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес ауыл мектептерінің түлектерін ҰБТ-ға дайындауда әдістемелік көмек көрсету мақсатында бүгін гимназия ұстазы  Бакытгуль Кадыровна Муканова математикадан мектеп түлектеріне  арналған консультация өткізді. Консультацияға тәжірибе алмасу мақсатында  жас мамандар да қатысты.