Білім беру басқармасының 2019 жылғы 11 қыркүйектегі “Өзара әрекеттестік және кәсіби қолдау туралы”  № 409 бұйрығына сәйкес  білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізу, кәсіптік өзара әрекеттестік және ынтымақтастық жағдайында білім беру сапасын арттыру, білім беру ұйымдарын қолдау мақсатында Май ауданы Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған гимназияына бекітілді.  Білім беру бөлімі мен гимназия арасында өзара әрекеттестік және кісіби қолдау туралы келісім жасалып, жұмыс  жоспары құрастырылды. Бүгін сол жоспарға  сәйкес ҰБТ-ға дайындық бойынша  биология пәнінің  мұғалімі  Умут Кабиденовна Муханова Май ауданы түлектеріне биология пәнінен консультация өткізді.