Білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізу, кәсіптік өзара әрекеттестік және ынтымақтастық жағдайында білім беру сапасын арттыру, білім беру ұйымдарын қолдау мақсатында Май ауданы мен Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған гимназияының  ынтымақстастық жоспарына сәйкес бүгін мектеп бітіруші түлектер үшін ҰБТ-ға дайындық консультациясы өтті. Ақсу гимназиясының мұғалімі Алмагүл Серікбаевна Қабылбекова  оқушылардың қиындық тудырған есептеріне талдау жасап, шешу жолдарын ұсынды.