Май ауданы білім беру бөлімі мен Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған гимназиясының өзара ынтымақтастық жоспарына сәйкес 22 сәуір күні «Бастауыш сынып оқушыларын қашықтықтан оқыту ерекшеліктері» тақырыбында семинар ұйымдастырылып,оқу тапсырмаларының көлемі, қашықтықтан оқытудың тәсілдері мен қашықтықтан оқыту аясында  білім алушылардың өзіндік жұмыстарын  ұйымдастыру және оқу тапсырмаларын орындау бойынша кері байланыс жасау бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді. Ашық алаңда мұғалімдер тәжіриберін ортаға салып, туындаған сұрақтарына жауап алды.  Семинарға 46 мұғалім қатысты.