Білім беру бөлімінің Аксу қаласының дарынды балаларға арналған гимназиясымен ынтымақтастық жоспары бойынша  2020 жылдың 15 сәуірінде Май ауданы мектеп психологта7ына онлайн семинар өткізілді. Семинар тақырыбы:”Мектептегі психологиялық қызметтің негізгі бағыттары және қашықтықтан оқыту кезіндегі психологиялық жұмыстың ерекшеліктері”. Гимназия психологі Шаймарданова Назигуль Тусуповна әріптестеріне алдымен тақырып бойынша таныстырылым көрсетіліп, семинар соңында қойылған сұрақтар бойынша толғандырған мәселелер талқыланды. Жұмыс барысында қолдану үшін ортақ электрондық пошта құрылып, әріптестер қажетті материалдармен қамтылды.