Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы мен әдістемелік кабинеттің бірлескен жоспарына сәйкес бүгін короновирустың таралуына жол бермеу бойынша шаралар кезеңінде мектепалды даярлық сыныптарында қашықтықтан оқыту мәселелерін талқылау, педагогтердің өзара тәжірибе алмасуына жағдай жасау мақсатында бірлескен семинар өткізілді. Шараға білім беруді дамытудың ииновациялық орталығының мектепке дейінгі білім беру бөлімінің басшысы Л.Серікбаева, орталық әдіскері Н.Жолдыбаева, әдістемелік кабинет меңгерушісі Н.Адамжанова, мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешілері  қатысты. Семинар аясында  Ақсу қаласы Евгеньевка селолық округінің  Үштерек мектебінің тәрбиешісі Д.Садыкова мен Екібастұз қаласының №2 мектебінің тәрбиешісі Қ.Букаева,Май ауданы Малайсары мектебінің тәрбиешісі С.Урюмова қашықтықтан оқыту бойынша өз тәжірибелерін ортаға салды.