Бүгін білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес “Қашықтықтан оқыту жағдайында жиынтық жұмыстарды жүргізу: мәселелер мен шешу жолдары” тақырыбында ашық алаң ұйымдастырылды. Аталған шараға мектеп директорлары, әдістемелік кабинет қызметкерлері және мектеп директорларының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Күн тәртібіне сәйкес қашықтықтан оқыту жағдайында жиынтық жұмыстарды жүргізу барысы талқыланып, туындаған мәселелерді шешу жолдары анықталды.