2020 жылдың 16 сәуірінде Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған гимназиясының ынтымақтастық жоспары аясында гимназияның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.А.Бакирбекова онлайн режимінде Май ауданы мектептерінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған “Құндылыққа бағдар: тәрбие үдерісіндегі инновация” тақырыбында семинар өткізді. Семинар аясында мектеп директорының орынбасарлары қашықтықтан оқыту жағдайында тәрбие жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша тәжірибе алмасты.