Май ауданының  білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес Қаратерек  жалпы орта білім беретін мектебінің ұйымдастыруымен үш тілде білім беретін пәндер  мұғалімдеріне  арналған   «Қашықтықтан оқыту жағдайында үш тілде білім беру: ізденіс пен тәжірибе» қашықтық семинары өткізілді.

Семинарда «CLIL  технологиясының әдіс- тәсілдерін қашықтық оқыту жағдайында тиімді қолдану» тәжірибесімен  Ж.М.Дукеева, “Физика пәнін қашықтықтан оқуға арналған веб-сервистер” тақырыбы бойынша А.А.Камзина,  “Қашықтық оқу жағдайында пайдаланатын  әдіс-тәсілдер” тақырыбы бойынша ,  Т.Е Имангалиева және “ Қашықтық оқыту жағдайында қалыптастырушы  және жиынтық бағалауда Google   интернет платформасын қолдану” тақырыбы бойынша А.Р. Казангапова тәжірибелерін ортаға салды.