Құрметті әріптестер! Қадірлі қауым! ⠀ Өздеріңіз білетіндей, наурыз айының 19-ынан бастап Қазақстан аумағында COVID-19 коронавирус инфекциасының таралуын тежеу мақсатында төтенше жағдай енгізілді. Сол себепті, 6-шы сәуірден бастап оқу жылының IV-тоқсаны қашықтан оқыту үлгісінде жүргізіледі. ⠀ Осыған орай, www.bilimland.kz электронды оқыту платформасында «Online Mektep» модулі іске қосылады. Сондай-ақ, «Балапан» және «Еларна» телеарналарында видео-сабақтар көрсетіледі. ⠀ Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы онлайн форматында оқытуға арналған баршаға ортақ сабақ кестесі мен тақырыптық жоспарын дайындап бекітті. Ол жоспар мектептерге жіберіледі. ⠀ Виртуалды сыныптар құрып, онлайн-оқытуды ұйымдастыруға қажетті мұғалімдер мен оқушылардың аккаунттары (логин мен құпиясөздер) IV-тоқсан басталғанға дейін жіберіледі. ⠀ www.bilimland.kz тобы осындай сын сағатта оқушылардың сапалы білім, ал мұғалімдердің қажетті әдістемелік және техникалқы қолдау алуына бар күшін салады. ⠀ Жұмыла көтерген жүк жеңіл! Бұл жағдайға тек бірге төтеп бере аламыз. Түсіністік білдіріп, қолдау көрсеткендеріңізге рақмет! ⠀ Ғаламтор браузерінде “bilimland.kz” теріп немесе осы парақшаның сипаттау бөліміндегі сілтеме арқылы толық ақпарат ала аласыздар