Құрметті әріптестер!
Қадірлі педагог қауым!

BilimLand тобы осындай сын сағатта оқушылардың сапалы білім, ал мұғалімдердің қажетті әдістемелік және техникалық қолдау алуына бар күшін салуда.

https://bilimland.kz электронды оқыту платформасында
– 42 000 видеосабақ;
– 220 000 жаттығу;
– 980 000 үй жұмысы мен тест тапсырмалары бар.

BilimLand-ке мектеп аккаунттарыңызбен кіріп, пайдалана беріңіздер. Сондай-ақ, оқушылар да https://bilimland.kz сайтын сынып жетекшісінің құрған аккаунттарымен кіріп, қолдана алады.

Сонымен қатар, өзіңіз білетіндей, 6-шы сәуірден бастап оқу жылының IV-тоқсаны қашықтан оқыту үлгісінде жүргізіледі. Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы онлайн форматында оқытуға арналған баршаға ортақ сабақ кестесі мен тақырыптық жоспарын дайындап бекітті.

Осыған орай, https://bilimland.kz электронды оқыту платформасында «Online Mektep» модулі іске қосылады.