Қайырлы күн, біздің оқырмандарымыз! Əр күніміз қызыққа толы болсын! Сіздерге біздің мектеп оқушылары көктемгі демалысын қалай өткізіп жатқандығы туралы айтуды жөн көрдік. Баланы еңбекке баулу жөнінде халқымыздың “Істегенің маған жақсы, үйренгенің саған жақсы” деген нақыл сөзі еңбектің қадірін білгендіктен айтылған болса керек. Бала тəрбиесінің қай түрі болмасын, оның жас кезінен өзінің өскен ұясында, яғни отбасында басталатыны белгілі. Сол сияқты баланы еңбекке баулу да ең алдымен отбасынан басталады. Бала ата-анасымен бірге жұмыс істеуге əуестенсе, өз-өзіне сенімді, тəрбиелі, еңбекқор болып өседі. Баланы еңбекке баулуды отбасынан бастайық. Міне, осындай қағиданы ұстанған біздің ата-аналар – балаларын еңбекке баулуда.