«БІЗ БІРГЕМІЗ!» АКЦИЯСЫ «Nur Otan» партиясы республикалық деңгейде коронавируске қарсы күресті күшейту, тұрғындарға көмектесу мақсатында Елбасы бастамасымен «Біз біргеміз!» республикалық акциясын жариялағаны белгілі. Бұл акция Май ауданында да басталып кетті. Акцияны ұйымдастыру барысында «Nur Otan» партиясы Май ауданы филиалы @nurotan_mai мен аудандық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы @otdel_zanyatosti_maiski аса мұқтаж азаматтардың тізімін жасақтады. Бұл тұрғындарға антисептикалық құралдар, медициналық маскалар және бірінші кезекте қажетті өнімдер мен азық-түлік тапсырылып жатыр. Аталмыш акцияға Жалтыр орта мектебінің ұстаздары да белсенді қатысып, қамқорлыққа берілген көп балалы және аз қамтылған Сағай Күлзираның отбасына көмек көрсетті. Отбасыға азық-түлік пен гигиеналық заттар, кішкентай бүлдіршіндерге тәттілер берілді