Құрметті достар! Бұл ақпарат ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарына, білім беру ұйымдарының арнайы мектептер / сыныптар мұғалімдеріне арналады. Жақын уақытта оқушылар үйден шықпай оқуға мәжбүр болуы мүмкін. ⠀

«Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» ММ сайтында (қазақ және орыс тілдерінде) сіздер ерекше білім беруге қажеттіліктері бар оқушыларға арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың электрондық нұсқаларымен жұмыс жасай аласыздар:⠀

– зияттық бұзылымдары бар балаларға арналған оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен (ОӘК) (қазақ және орыс тілдерінде оқитын 0,1,2,5 және 7 сыныптар үшін) ⠀
– нашар көретін балаларға арналған іріленген қаріптегі оқулықтармен және ОӘК-мен (қазақ және орыс тілдерінде оқитын 1,2,5 сыныптар үшін)⠀
– есту қабілетінің бұзылымдары бар балаларға арналған 0 сыныптың математика оқулығы, жұмыс дәптерлері және ОӘК- рі (қазақ тілінде оқитындар үшін). ⠀

Оқулықтар тек оқу үшін, жұмыс дәптерлері оқу және жүктеу үшін қолданылады! Аталмыш қызмет ақысыз! Тіркелудің қажеті жоқ. ⠀
⠀ ТП ҰҒПО ММ сайтына кіру туралы нұсқаулықпен мұқият танысыңыз: 1. http://special-edu.kz/ сайтына кіріңіз.⠀

2. «Пайдалы» («Пайдалы») бөлімін таңдаңыз.⠀

3. Осы бөлімде «Арнайы білім беруге арналған оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендер (ОӘК)» кіші бөлімін таңдаңыз⠀
http://special-edu.kz/textbooks/⠀

4. Іздеу арқылы өзіңізге қажетті бөлімді, содан кейін қажетті оқулықты (тілді, сыныпты, пәнді) таңдаңыз. ⠀ Кез-келген сұрақтарыңыз бойынша ТП ҰҒПО ММ поштасына хабарласыңыз және жазыңыз: e-mail: nnpckp@mail.ru ⠀