Каникул барысында ата-аналар балаларымен уақыттарын тиімді өткізуде. “Отбасыммен кітап оқу” эстафетасын Айдархановтар отбасы бастады. Кітап оқу арқылы адам өз ойын байытып, сауаттылығын жоғарлатып, білім нəрімен сусындап, рухани азық жинайды. Кітапханаға келмей-ақ үйде отырып, балалармен кітап оқудың өзі бір ғанибет, үлкен тəрбие. “Артық білім кітапта, Ерінбе оқып көруге”,-деп ұлы ақынымыз Абай жырлағандай кітап оқып, рухани азық жинауға асығайық, достар. Келесі эстафетаны жалғастыратын қай отбасы болады екен?!