✍Павлодар облысының білім беру мекемелері қашықтықтан оқыту тәсілдеріне көшті және короновирустық инфекцияның алдын алу шараларын күшейтеді. Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, білім басқармасы тиісті іс-қимыл алгоритмін әзірледі. .
13 наурыздан бастап барлық бұқаралық іс-шараларға, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің халықаралық турнирлер, олимпиадаларға шығуына тыйым салынды. Білім беру мекемелеріне жиындар, кеңестер мен кездесулерді өткізуді азайту немесе оларды онлайн-режимде өткізу тапсырылды.
Балабақшалар медициналық және санитарлық бақылауды күшейте отырып, штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатыр. Ата-аналарға егер мүмкіндігі болса, балаларды үйде қалдыруға кеңес беремін! Бұл жағдайда балабақшаларға бара алмайтын балалардың орындары сақталады. .
16 наурыздан 5 сәуірге дейін облысымыздың 357 мектебінің барлық оқушылары көктемгі демалысқа шықты. Білім беру мекемелерінде объектілердің жұмыс жасауын қамтамасыз ететін әкімшілік пен персонал ғана жұмыс істейді. Педагогтар қашықтықтан, үйде отырып жұмыс жасайды. .
16 наурыздан бастап облысымыздың колледждері мен жоғары оқу орындары қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылды. Электрондық білім беру платформалары оқу контентін орналастыру, кері байланыс, студенттердің оқуға тартылуын қадағалау арқылы тиімді оқу процесін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, бұл платформалар қосымша қаржыны талап етпейді. ТжКБ ұйымдарының және жоғары оқу орындарының педагогтары да қашықтан жұмыс режиміне ауыстырылды. .
14 наурыздан бастап мемлекеттік қосымша білім беру ұйымдарының қызметі тоқтатылды. Біз ата-аналарға қосымша білім беруді жүзеге асыратын жеке ұйымдарға (тілдік курстар, даму орталықтары және т. б.) баруды шектеуді ұсынамыз