«Үздік жас ұстаз» атты жас мамандарға арналған сайыс өтті. Ұйымдастырғандар жас мамандар мектебі жетекшісі С. К. Батаева
Мақсаты:Жас педагогтарға кәсіптік өсуі үшін жағдайларды ұйымдастыру және жасау. Жас мамандардың тәжірибе алмасуы. Жас мамандардың кәсіптік және әлеуметтік бейімделу үрдісін тездету. Жас педагогтардың шығармашылық қызметінің қалыптасуына себепші болу.
1-бөлімі. «Шығармашылық таныстыру. Әр жас маман өз ұстаздық жолға келген мақсаты, міндеті, жоспары, т.б. таныстырды.
Сұрақ – жауап(Рухани жаңғыру», ұлттық салт-дәстүрге байланысты сауалдар қойылды)
2-бөлімі. «Ізденімпаз жас маман – ертеңгі білікті ұстаз» Әр маман өз шеберлігіне қарай, бір сабаққа панорама жасады. Әдіс алмасу барысындағы тәжірибесі, жаңа технологияларды қолдана білуі, техникалық құралдарды тиімді пайдалана білуі, сабақ құрылымы, т.б. қаралды.
«Менің өнерім» өз өнерлерін көрсетті
Сайыс нәтижесі:
Бас жүлдені биология пәнінің мұғалімі Курмашева М. К, І орынды музыка пәнінің мұғалімі Адамжанова А. К, ІІ орынды математика пәнінің мұғалімі Тәуірбай А. Т, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Уалиева А. Т–
Жеңімпаздар І-ІІІ дәрежелеі дипломдармен және сыйлыққа ие болды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!