Ұлы Абай мұрасы ​ қазақ халқының рухани қазынасы екені сөзсіз. Шығармаларын оқыған адам оның ​ әрбір өлеңінде, қара сөзінде ​ ​ ақыл мен тәрбиенің​ сара жолының, философиялық түйіннің бар екенін ​ жақсы біледі. Президентіміздің биылғы жылды Абайдың 175 жылына арнауы ұлы тұлғаға деген құрметті одан әрі артыра түскендей. Осы ретте орай аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастырумен Майтүбек мектебінің қабырғасында 2020 жылдың 6 наурыз күні «Абай және Шәкәрім мұраларын жатқа оқу» байқауы​ өтті. Мектебіміздің 8-сынып оқушысы Болатова Айзере “Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы” бағыты бойынша 2-орынды иеленді. 6-сынып оқушысы Есен Ұлағат “Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары” бағыты бойынша 1-орынды жеңіп алып, облысқа жолдама алды. Құттықтаймыз. Ұлағатқа сәттілік тілейміз.