06.03.20 жылы Аудандық «Абай оқулары» Майтүбек жалпы орта білім беретін мектебінің базасында өтті. Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына арналып ұйымдастырылған шараның мақсаты – Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге өз бетімен іздене білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру. қазақ мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне деген оқушылардың құштарлығын арттыру. Мектебіміздің оқушылары қатысып, 8-сынып оқушысы Тайтуленова Эридана II орын, жетекшісі Спанова Ризагуль Кадыровна.
6-сынып оқушысы Рыскалиева Аяулым II орын, жетекшісі Жанысов Берик Токенович.
8-сынып оқушысы Даирова Сымбат III орын иеленді. Жетекшісі Спанова Ризагуль Кадыровна.
Оқушыларымыз әрқашан жоғарыдан көріне берсін. М.Әуезов былай деген екен: «Абай – терең теңіз, алып мұхит. Абайды таныған сайын, оның түбіне маржандарын алу үшін сүңги беруің керек, сүңги беруің керек. Ал мен оның бетіне ғана қалқыдым» деген. Ендеше М.Әуезовтің өзі Абай дариясының тек бетіне қалқыдым десе, біз тек сол дарияның жағасынағана келдік. Ал сол дарияның інжу- маржандарын теретін болашақ Абайтанушылар оқушыларымыздың іштерінен шығып қалар деп үміттенейік.