«Қазақстан –мейірімділік мекені» балалар бастамасы республикалық акциясы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ризашылық –мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени білім беру жобасы. Бастаманың мақсаты – мейірімді істерге, қайырымдылық акцияларына балалардың қатысуын қамтамасыз ететін іс-шаралар ұйымдастырып, қоғамға риясыз қызмет көрсетудің жағымды идеяларын насихаттау. «Қазақстан – мейірімділік мекені» балалар бастамасы республикалық акциясы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ризашылық –мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени білім беру жобасы аясында мектеп белсенділері мен ата-аналардың қатысуымен қайырымдылық жасау мақсатында жәрмеңке ұйымдастырылып, біршама қаражат жиналды. Мектепішілік жиында мектеп белсенділерінің пікірін ескеріп және қамқоршылық кеңесінің шешімімен жиналған қаражатты Павлодар қаласы, Н.Назарбаев даңғылы 286 орналасқан «Сәбилер үйі» (0-4 жас) және Н.Назарбаев даңғылы 284 орналасқан «Қарттар үйі» жұмсауды жөн көріп, «Сәбилер үйі» бас дәрігері Бағдат Қалдыбекқызы және «Қарттар үйі» директоры Айман Мұхаметқалымқызымен келісім жүргізілді. 5-наурыз күні оқушылардың жинаған қаражатына қосымша ауылымыздың демеушілері қолдау көрсетіп, «Сәбилер үйі» кішкентай балаларға ойыншықтар мен тербеткіш арба сыйға тартылды. Қайырымдылық шарамыздың жалғасы «Қарттар үйі» барып, қарттарға арналған «Қарттарым аман сау жүрші» мерекелік концертпен жалғасты. Қорытындысында ата-әжелерімізге арналып мерекелік дастархан жайылды.
Тәрбиелік маңызы зор іс-шарамыз «Сәбилер үйі» мен «Қарттар үйі» көңілінен шығып, оқушылар шексіз алғысқа ие болды.