Байқау музыкалық дарынды білім алушыларды, талантты балалар ұжымдарын дамыту және қолдау, олардың шығармашылық белсенділігін, кәсіби бағытын ынталандыру мақсатында ұйымдастырылды. Жалпы байқауға 8 мектеп ұжымы қатысып, қазылар алықасының шешімі бойынша ІІІ орын Ақжар ЖОББМ, ІІ орын Е.Мукашев ат. ЖОББМ иеленіп дипломдармен марапатталды. І орын алған Майтүбек ЖОББМ және Б.Жылқыбаев атындағы балалар өнер мектебінің «Шұғыла» би ұжымдары Павлодар қаласында өтетін облыстық кезеңіне жолдама алды.