Павлодар облысы білім беру басқармасының оқу жоспарына сәйкес және маңызды мәдени-тарихи тұлғалардың шығармашылығы мен мұраларын насихаттау негізінде “Ертіс дарыны”өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 24 ақпан 2020 жылы 8-11сынып оқушылары арасында “Мәшһүр-Жүсіп оқулары” конкурсын өткізді. “Білімді, зерек адам болам!”- десең, қара өзіңді басқаның айнасымен” Мәшһүр-Жүсіптің шығармашылығы бойынша философиялық эссе жазуда Май ауданы Қазан жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Нажмиденова Ания 2 орынды иеленді. Мұғалімі Темиржанова Гульдана Қазболатқызы. Оқушымызға білім жолында сәттілік тілейміз.