«Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының аубандық кезеңінің жеңімпаздары анықталды…
Жалтыр орта мектебінің оқушылары Қаратерек мектебінің қабырғасында өткен «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының аудандық кезеңі ақпан айының 21 күні өткізілді. Олимпиаданың мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау, оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту. «Жарқын болашақ» олимпиадасының негізгі міндеттері:
– Оқушылардың қазақ халқының тіліне, әдебиетіне, салт-дәстүрлеріне, тарихына және мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру, қазақ халқының тарихын үйреніп, білуге ынталандыру;
– Тұлғаның өз-өзін дамытуына және өзіндік қабілеттерін жетілдіруіне жағдай жасау.
«Жас қаламгер» бағытында тірек сөздер арқылы эссе тақырыбын қойып, жазба жұмыс жазды. Бұл бағытқа 9-сынып оқушысы Темірбек Ахжол 1-орынға иеленіп, облысқа жолдама алды. Жетекшісі Андасова Алтынай Кызырхановна.
«Сөз шеберлері» бағытында прозалық немесе поэзиялық шығармадан үзіндіні мәнерлеп оқу, жатқа айту. 5 мин.беріледі. Бұл бағытқа 8-сынып оқушысы Сманұлы Батыржан 3-орынды иеленді.Жетекшісі Абеуова Гульден Кусмановна.
«Білгірлер бәйгесі» бағыты бойынша жұмбақ шешу, мақал-мәтел, жаңылтпаш, ертегі бойынша сұрақтарға жауап береді. Бұл бағытқа қатысқан 8-сынып оқушысы Болатова Айзере 3-орын жеңімпазы атанды. Жетекшісі Абеуова Гульден Кусмановна.
«Әнші-бұлбұлдар» бағыты бойынша 9-сынып оқушысы Жанат Ардахгүл «Елім менің» шығармасын орындады.