2020 жылдың 21 ақпан күні «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар облысы филиалының қызметкерлері зертхана меңгерушісі К.С.Нурмагамбетов, жол инженері Ф.Б.Байболатов Жалтыр орта мектебінің 8-11-сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында оқытылатын мамандықтар бойынша кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргіздi. Мектеп оқушыларына оқу орнының тыныс-тіршілігімен таныстырылатын бейне-материалдар мен презентация көрсетіліп, ақпараттық буклеттер таратылды.