2020 жылы 14 ақпан күні Май ауданы Жалтыр жалпы орта білім беретін мектепте «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау мәселелері» тақырыбында ПШО–ның тренері Ибраева А.Р, әдіскері Альмагамбетов К.С, НЗМ-нің математика пәнінің мұғалімі Д.Кудас қатысуымен облыстық семинар өткізілді. Семинарға мектеп директорлары, оқу ісі жөніндегі орынбасары, математика және бастауыш сынып мұғалімі қатысты. Семинар барысында мектеп әкімшілігі блиц -шеберлік сағаттарын ұйымдастырып, пән мұғалімдері жаңаратылған білім беру мазмұнындағы критериалды бағалау жүйесі бойынша ашық сабақтарын өткізді. «Педагогикалық шеберлік орталығының» Павлодар қ.филиалының тренері А.Ибраева, әдіскері К.Альмагамбетов, НЗМ-нің математика пәнінің мұғалімі Д.Кудас «Сабақ мақсатына сай бағалау критерийлерін құрастыру және саралау» тақырыбында шеберлік-сынып ұйымдастырды. Ұйымдастырылған STEAM жәрмеңкесінде оқушылар тәжірибе алаңында өз жобаларын таныстырды. Семинар соңында қатысушылар осындай іс-шараның өзектілігі мен маңыздылығын атап өтіп, оң баға берді. Мектеп педагогтары шеберлік-сағаттар мен ашық сабақтар өткізіп, өз тәжірибесімен бөліскені үшін ПШО НЗМ-дан Алғыс хаттармен марапатталды