Ақпанның 8 күні Екібастұз инжинерлік-техникалық институтының профессоры, академик Марат Пазылұлы Марденовтың 80 жылдығына арналған шахматтан еске алу турнирі өтті. Сол жоғарғы оқу орынның ірге тасының қалануына ат салысып, алғашқы ұстаздардың бірі болған ол, талай шәкірт тәрбиелеп, ұрпақтар сабақтастығының жалғасуына елеулі еңбек етті. ЕИТИ ректорының бастамасымен өткізілетің дәстүрлі қалалық турнирге Май ауданының құрамасы щақырту алды. Бұл турнирге құрама атынан 3 адам қатысып, жүлделі 1-ші орынға ие болды. Солардың қатарында Май ауданының шахмат және дойбы федерациясының төрағасы Әкімбек Темірғалинов, Малайсары ауылдық округінің әкімшілік қызметкері Майра Карманова және Е.Мұқашев атындағы ЖОББМ-нің мұғалімі Мұхтар Ахметов болды. Ұйымдастырушылар тарапы турнирдің жоғары деңгейде өтуіне барынша еңбек етіп, қатысушылардың зор ықыласын алғанын атап өткен жөн. Жалпы осындай мәртебелі түрде өткен іс-шаралар аймақ арасындағы достық қарыс-қатынастарды нығайтады. Алдағы уақытта біздің тарапымыздан осындай турнирлердің ұйымдастырылуы жоспарда, себебі биылғы жылды елімізде Ұлы Абайдың 175 жылдығы, жеңістің 75-жылдығы, және т.с.с шаралар өткізілуде