5 ақпан күні аудан орталығы Көктөбе ауылының аудандық мәдениет үйінде аудан әкімі Марат Қамзаұлы Ақтаевтың 2019 жылы ауданымызда экономикалық және әлеуметтік дамуы барысында атқарылған жұмыстар туралы қорытынды есеп беру кездесуге, облыс әкімінің орынбасары Батанов Алмас Сұлтанұлы, мәслихат депутаттары, мекеме басшылары және аудандық білім бөлімінің басшылары қатысты. Май аудандық білім бөлімінің ұйымдастыру мен робот техникасынан көрме өтті. Көрмеге Қаратерек жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы Тайтулен Болат қатысып келді. Жетекшісі Омаров Ержигит Тулегенович.