2016жылы мектеп қабырғасыда «Бері қара» жайдарман тобы құрылып, сол жылдың қазанның 2 күні Май ауданының «Армандастар» жастар орталығы ұйымдастырған «Жайдарлы Жас Ұлан» сайысында 1-орынға ие болды. Одан кейын 2019 жылдың 3-ақпанында Май ауданының Оқушылар үйінінде өткен «Біз-болашақ жастарымыз» атты ойында Гран-При иегері атанды. Дәл осы жылы Павлодар Жайдарман лигасының ашылу салтанатына қатысып, Ашық лиганың қатарына қосылды. 1/8, ¼ және ½ іріктеу ойындарынан сүрінбей өтіп, финалдық кезеңге жолдама ұтып алды. 2019 жылдың 13 желтоқсанда ПМУ акт залында өткен финалда топ жарып, 3-орынды місе тұтты. Бұнымен тоқтамай «Қазақша КВН одағының» сайтына тіркеліп, 1-10 ақпан аралығында өтетін республикалық «Маусымашар -2020» фестиваліне шақыру қағазын алды. Қазіргі уақытта аталмыш команда фестивалге дайындық үстінде