Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы «Волонтер жылы» шеңберінде Жалтыр орта мектебінің оқушылары “Біз Біргеміз” челлендж-бастамасына қолдау білдіріп, Кеңтүбек ауылының тұрғындары жалғыз басты қарт әжелердің аулаларын қалың жауған қардан тазартты. Биыл қар былтырғы жылмен салыстырғанда екі есе көп түсуіне орай, өз үйлеріңіздің маңындағы қарды тазалап, көмектесіп, атсалысуға шақырамыз!!!